ТЖ қызметкерлері Абай ауданында алдын алу сенбілігін өткізді

ТЖ қызметкерлері Абай ауданында алдын алу сенбілігін өткізді

Өткен демалыс күндері Абай ауданының ТЖ жөніндегі бөлім қызметкерлері Дубовка ауылында сенбілік ұйымдастырды. Шараның мақсаты өрт қауіпсіздігінің алдын алу болды.

Қызметкерлер барлық үйлерді аралап шықты. Тұрғындарға ескертпе парақшалар таратылып, өрт пайда болған немесе газ шығарылған жағдайда қандай әрекеттер қолдану керектігі, сондай-ақ жылыту пештерін қалай дұрыс және қауіпсіз пайдалану керектігі түсіндірілді.

- Ерекше назар егде жастағы адамдар және балаларға аударылды. Себебі дәл солар төтенше жағдайда дүрбелеңге бой алдырады, - дейді инженер, азаматтық қорғаныс лейтенанты Шыңғыс Түсіпханов.

Өрттердің алдын алу және төтенше жағдайларда тұрғындарды дұрыс әрекет жасауға үйрету мақсатында осы секілді рейдтер облысымыздың барлық аудандарында үнемі түрде өткізіліп отырады.

Фото fireman.kz