
13 қаңтар 17.00 музыкалық комедия театрының Қызыл залында «Жаңа жылдық музыкалық калейдоскоп» концерті өтеді. Концерт бағдарламасында Россинидің «Севильский цирюльник», Чайковскийдің «Евгений Онегин» операларының әуендері, сондай-ақ Бизе, Прокофьевтің, Штраустың, Кальманның, Дунаевскийдің классикалық шығармаларынан үзінділер орындалады. Көрермендер сонымен қатар қазіргі заманғы ырғақтарды тыңдай алады.
Штраус, Брамс, Хачатурян, Брусиловскийдің аспапты пьесалары және xалықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ыбыраевтың орындауындағы вокалдық нөмірлер концерттің сәніне айналмақ.
Анықтама телефоны: 41-06-50.