Станиславский театрының репертуары жас режиссёрдің камералық спектаклімен толығады

Станиславский театрының репертуары жас режиссёрдің камералық спектаклімен толығады

Қарағандыда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының түлегі Елдос Лекеновтың режиссёрлік дебюті өтеді. К. Станиславский атындағы театр көрермендерін 18-ші және 24-ші қаңтарда Родион Белецкийдің пьесасы бойынша қойылған «Разговор, которого не было» спектаклінің премьерасына шақырады.
Трагикомедия жас адамдарға кей кезде дұрыс шешім қабылдап, басымдылықтарды анықтау қаншалықты қиын екені туралы баяндайды. Камералық спектакль жақындарыңызбен уақытында іштегі шеріңізді тарқатып, ашық сөйлесіп отыру керектігі туралы ойландырады.
Өткен жылы Елдос Лекенов Қарағандыда өзінің дипломдық жұмысын саxналаған болатын. Станиславский атындағы театрдың көркемдік кеңесі жас режиссёрдің спектакліне "үздік" деген баға қойды және оны өз репертуарына енгізуді ұсынды.
Театр туындыны көпшілік алдында көрсетуге драматургтің рұқсатын алған. Сонан соң премьераның болатыны туралы xабарлама жасалды. Спектаклде қарағандылық актёрлер Константин Снегирёв және Андрей Белавин өнер көрсетеді.