
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық клиникалық аурухананың жөндеу жұмыстары қалай өтіп жатқанымен танысып қайтты.
Ғимарат аймақ басшысының тапсырмасымен 2017-ші жылы қалыпқа келтіріле бастады.
Облыстық клиникалық аурхананың терапевтік корпусының ғимараты соңғы рет 1984-ші жылы жөнделген.
2016-шы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде терапевтік корпустың шатырында күрделі жөндеу жасалып, терезелері ауыстырылды. 2017-ші жылы қасбеті жөнделіп, маңындағы аумағы абаттандырылды.
- Біздің аурухана 1961-ші жылы салынған, сол уақыттан бері мұнда күрделі жөндеу жасалмаған, тек ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізіліп отырған. Қазіргі таңда жөндеу аяқталуға жақын. Жасалған жұмыстар әкімнің көңілінен шықты, ол корпусқа қажетті магнитті-резонансты және компьютерлік томографпен жабдықтауға қатысты қосымша тапсырмалар берді. Аймақ басшысы аурхананы демеушілер есебінен, не болмаса МЖӘ бағдарламасы бойынша жабдықтауды тапсырды. Біздің қызметкерлер бұл жаңашылдықтарға қатты қуанып жатыр, - деп атап өтті аурхана директоры Марат Әбеуов.
2018-ші жылы жөндеу барысында 147 млн теңгеден астам қаражат меңгерілді. 2019-шы жылы бұл мақсаттарға 300 млн теңге бөлінді.