
"Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы" ЖШС аймақтық филиалында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері марапатталды. Осы жылдың 7 қарашасында болған "Абай" шахтасындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар да марапатқа ие болды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 15 тау-кен құтқарушысы мен шахтаның екі қызметкері марапатталды.

Марапаттарды Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов және "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Бас директоры Владимир Беккер тапсырды.

"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісіне келесі қызметкерлер ие болды:
- Наталья Денищук, "Абай" шахтасының техникалық қызметінің желдету учаскесі мен қауіпсіздік техникасын газбен бақылау аппаратурасының диспетчері;
- Махаммадисмаил Мадмаров, "Абай" шахтасының №1 дайындық жұмыстары жер асты учаскесінің электр слесарі;
- Мұрат Әзімбаев, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары;
- Әсет Жақан, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
- Талғат Нұрмағамбетов, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
- Арман Сақбасынов, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы бөлімшесінің командирі;
- Олег Стрижаков, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары.

"Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі келесі қызметкерлерге табысталды:
- Владимир Брага, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының командирі;
- Дидар Әлнұров, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
- Дмитрий Храмшин, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы.
"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалімен марапатталғандар:
- Нариман Әбішев, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
- Нұржан Әліқайдаров, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы бөлімшесінің командирі;
- Әлібек Асқаров, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
- Ерік Ескендір, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взводының командирі;
- Юрий Коровин, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взвод командирінің орынбасары.
"Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісімен марапатталғандар:
- Андрей Андреев, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
- Қайрат Байманов, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша