
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәдениет порталы» madeniportal.kz Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ақындар мен суретшілер арасында «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» республикалық онлайн-конкурсын ұйымдастырды. Оған 102 ақын және 101 суретші қатысты. Шығармашылықтың әр түрі бойынша тоғыз жеңімпаз іріктелді.
Ақын Мұрат Шаймаранның «1937 жыл немесе Әлиханның соңғы монологы» атты өлеңі мен Толқын Табысбектің «Көсем» картинасы бас жүлделерге ие болды.
– Мен ұлы адам, «Алаш» көшбасшыларының бірі, біздің ата-бабамыз Әлихан Бөкейханның бейнесін салдым. Сол кездегі атмосфера мен қиындықтарды көрсеткім келді. Бұл ретте маған түрлі түстер палитрасы көмектесті, – деп бөлісті Толқын Табысбек.
Бірінші орынды «Көкейкесті» картинасының авторы Дәуренбек Бекназар және «Көкейкесті» өлеңімен Ерлан Жүніс иеленді.
Бас жүлде мен үш жүлделі орыннан басқа, арнайы марапаттар тағайындалды. Осылайша, «Қасым» журналының жүлдесімен қарағандылық жас суретші Ерсін Темірғалиев «Қасым Аманжолов» жұмысы үшін және ақын Асылан Қуанышұлы «Қызыл елес» өлеңі үшін марапатталды.
Сондай-ақ марапаттау рәсімі кезінде жеңімпаздардың көркем және поэтикалық шығармаларынан тұратын үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) альбом таныстырылды. Басылым сапалы көркем суреттермен безендірілген және бейнероликтерге сілтеме жасайтын QR-кодтармен шығарылған.