
Облысымыздағы спорт мектептеріне мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті арнайы жабдықтар сатып алынады. Ол туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов мәлімдеді.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша биылғы жылы Қарағанды облысында мүгедектер үшін спортпен шұғылдану анағұрлым қол жетерлік болуына баса назар аударылатын болады.
- Біз қаражат бөліп, аймағымыздың барлық спорт мектептеріне қажетті спорт құралдарын сатып алуды тапсырдық. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға үстел теннисін ойнау үшін арнайы шар беріп тұратын құрылғы қажет. Оны басқа да арнайы құрал-жабдықтармен бірге сатып алады, - деді Дмитрий Карпов.
Облысымызда 3 825 мүгедектер спорттың 28 түрімен айналысады.
ҚР құрама командаларына Қарағанды облысынан 87 спортшы кіреді.
2018-2019 оқу жылына Облыстық мамандандырылған мүгедектік спорт мектебіне көру мүмкіндігі шектеулі, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, есту қабілеті нашар, психикалық дамуы тежелген 390 адам тіркелген. Олармен жоғары білікті 19 жаттықтырушылар-ұстаздар шұғылданады.
2019-шы жылы мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 15 облыстық спорттық-бұқаралық шаралар өткізу жоспарлануда. Ол сайыстарға 300-ден астам адам қатысады деп жоспарлануда.