Қарағандылық кәсіпкерлер заңамадағы жаңашылдықтар туралы білді. Республикалық Кәсіпкерлерге Көмек көрсету Орталығы «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Салық туралы қарапайым тілмен: 2019 жылғы салықтар» атты тегін конференция ұйымдастырды.
Сарапшымен кездесуге шағын және орта бизнеспен айналысатын 300 кәсіпкер келді. Олар үшін танымдық курсты Республикалық Кәсіпкерлерге көмек көрсету орталыңыныі директоры Дмитрий Казанцев өткізді. Ол қарапайым және түсінкті тілмен слық дегеніміз не, оны не үшін төлеу керек және жалдамалы қызметкерлерді көлеңкеде неліктен ұстамау керектігі туралы айтып берді.
2018 жылы жаңа, үшінші Қазақстан Республикасының Салық кодексі шықты. Өзгерістердің бір бөлігі қолданысқа енгізілді, ал қалғаны 2019 және 2020 жылдары енгізіледі.
Өзгерістер патент және қарапайымдатылған декларация негізінде қызмет ететін кәсіпкерлерге қатысты болып отыр.
Конференцияға қатысушыларға «Тегін POS-терминал, абоненттік төлемсіз – Қазақстанның әрбір кәсіпкеріне» атты жоба таныстырылды.
- Статистика бойынша, 80% астам жеке кәсіпкерлерде POS-терминалдар болмайды. Бұған қоса, заң бойынша олар төлемді карта арқылы қабылдауға міндетті, егер одан бас тартар болса, айыппұл төлеулері керек болады. Біз «Атамекен» ҰКП және Қазақстан кәсіпкерлер форумының қолдауымен онлайн кассалық аппарат қазақстандық брендін іске қостық. Ол кез-келген моблиьді құрылғыда жұмыс істей береді. Онлайн кассалық аппаратты алу үшін кәсіпкерлер біздің орталықтың кеңеселеріне келе алады, - деп түсіндірді Дмитрий Казанцев.
Бұл жобаны жүзеге асыру қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуді және цифрландыруды дамытуға септігін тигізеді. Ал кәсіпкерлерге кассалық аппаратты сатып алу үшін шығындалудың қажеті жоқ.
Спикер электрондық сауданың артықшылықтары, оны қолдану кезінде қарастырылған салықтық жеңілдіктер туралы да баяндап берді.
Қарағанды облысында 57,5 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер бар.
atameken.kz