Қарағанды облысының тұрғындары латын графикасына негізделген қазақ тілін арнайы құрылған Ресурстық тіл орталығында үйрене алады

Қарағанды облысының тұрғындары латын графикасына негізделген қазақ тілін арнайы құрылған Ресурстық тіл орталығында үйрене алады

Орталық Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанынан құрылған.

 

2018 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Орталық тарапынан өңірімізде ересек тұрғындарға жаңа графикада жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша тренингтер жүргізілуде. Өткен мерзімде Қарағанды бойынша шамамен 1500 және облыс бойынша 6,5 мыңнан аса адам тренингтерде жаңа әліпбимен танысты.

- Қала және аудандарда латын графикасын енгізу бойынша мамандар жұмыс істеуде, олар да өз өңірлерінде латын бойынша тәжірибелік тренингтер өткізуде. Ұлттық комиссия қазақ тілінің емле ережелерін бекіткен соң Орталық тарапынан өңіріміздің қазақтілді және қазақ тілін еркін меңгерген азаматтары үшін қысқамерзімді курстар ұйымдастырылатын болады, - деп Орталық директоры Гүлназ Мұстағұлова атап өтті.

Қазір жаңа графиканы орфографиясымен қоса оқыту бойынша толыққанды курсты бастау үшін Орталық мамандары ағымдағы жылғы наурыз-сәуір айларында Астанада өтетін 72-сағаттық курстан өтіп, бұдан әрі оқытуды жүргізуге мүмкіндік алады.

- Біз өңіріміздің ересек тұрғындарына барынша қажетті ақпараттарды қамти отырып, қысқамерзімді курстарды ашамыз. Осылайша облысымыздың тұрғындарын барынша көп қамти аламыз. Студенттер мен оқушылар өз оқу орындарында оқытылатын болады,- деп Гүлназ Мұстағұлова атап өтті.

Жаңа әліпбиді меңгеруді жеңілдету және визуалды түрде қабылдау үшін Q-ǴALAM youtube-арнасында Latyn-karaoke жабасы аясында қазақ тіліндегі субтитрмен танымал әндер орналастырылған.

Бұған қоса, қаңтардың соңында «Мәміле» тілдесу клубы жұмысын бастайды. Оған қазақ тілінде сөйлеуді үйренгісі және тілдік барьерден айырылғысы келетіндер қатыса алады. Клуб спикерлері қазақтілділер де, өз еркімен тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт өкілдері де болуы мүмкін.

Тренингтер туралы толық ақпаратты алу үшін және тілдесу клубына жазылу үшін 8/7212/25-51-90, 24-35-00, 87478913179 байланыс телефондарына хабарласуға болады.