
Қарағанды облысының Осакаров ауданында «Татулық» медиация орталығы ашылды. Ол жерде кәсіби медиаторлар мен құрметті ақсақалдар қызмет етеді.
Медиация орталығы Осакаров ауданындағы Оқушыларғақосымша білім беретін орталық ғимаратында орналасқан. орталықтың ашылуына аудандық әкімдіктің, сот және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысты.
Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов және Осакаров аудандық сотының төрағасы Нұр Әбілханов өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл өз кезегінде дауларды сотқа дейін реттеу тәжірибесін белсенді дамытуға септігін тигізеді.
- Ежелден бері екі жақ арасында туындаған дауларды шешу және татуластыру үшін жанжалдарды басу мәселесінде зор ықпалы бар ақсақалдардың көмегіне жүгінген. Және де осы күнге дейін бұл тәжірибе сәтті түрде қолданылады, - дейді аудандық сот төрағасы Нұр Әбілханов.
Шешендік өнері бар және айтарлықтай беделі бар ақсақалдар адамдарға дау-дамайларын шешуге көмектеседі, дейді Медиация орталығының мамандары. Мұнда тек жеке тұлғалар ғана емес, компаниялар мен бизнес бойынша серіктестер де келе алады. «Медиация туралы» заңға осыған дейін сотта қарастырылған істердің көптеген санаттары қамтылады.
- Тұрғындарда кез келген дауды сот қарауына дейін жеткізбей шешуге мүмкіндік туды. Медиация жанжалдарды бейбіт түрде, екі жаққа да жағымсыз салдарсыз шешуге көмектеседі деп үміттенеміз, - деп атап өтті аудан әкімі Нүркен Қобжанов.
Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 2018-ші жылы медиаторлардың көмегімен екі жақтың татуласуы арқасында 10 қылмыстық іс тоқтатылған.