Абай атындағы балалар кітапханасында қыз балаларды дәстүрлі қазақ кестесін тігуді үйретеді

Абай атындағы балалар кітапханасында қыз балаларды дәстүрлі қазақ кестесін тігуді үйретеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Free Style» арт-студиясы жұмыс істейді. Мұнда қыз балаларды қазақтың дәстүрлі өнері – кесте тігуді үйретеді.

- Бірінші шығармашылық сабақтарды біздің студияда қыздар өздері өткізді. Олар қызықты оюларды алып келіп, олардан әдемі туындылар жасады. Ал өткен жылдың қарашасынана бастап арт-студия келушілерге қазақтың дәстүрлі өнері кевте тігуді үйренуді ұсынады, - дейді әдістемелік бөлім жетекшісі Сәуле Жүсіпова.

Студия жетекшісі Гүлнұр Мырзахмет шәкірттерін қазақтың ұлттық кесте тігу өнері туралы кітаптармен таныстырады. Арт-студияда дәрістер айына 2 рет жексенбі сайын 15.00-де балалар кітапханасында Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша өтеді.

Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 41-23-26, 8-700-145-99-03.