Шоқыну кезінде қалай қауіпсіз шомылуға болады: ТЖД ұсыныстары

Шоқыну кезінде қалай қауіпсіз шомылуға болады: ТЖД ұсыныстары

Шоқыну мерекесінде мұз суатына шомылу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану керектігін Қарағанды облыстық ТЖД айтып берді. Құтқарушылардың айтуынша, биылғы жылы өңірімізде 35 шомылу орындары жабдықталады.
Негізгі талаптар биылғы жылы өзгеріссіз қалды – мұз суаттары қоршалып, ішінен тормен қапталуы тиіс және ағаш төсеме және стационарлық сатымен жабдықталуы тиіс.
Шомылуға ниет білдірушілер қатты суық тиюден сақтанулары керек. Құтқарушылар суға түсуге келгендерге өзімен бірге құрғақ орамал, құрғақ жылы киім, жылы аяқ киім және ыстық сусындар алып келуді ұсынады. Суға күндізгі уақытта түскен дұрыс.
- Шомылу дәстүрі Иордан өзенінде шомылумен байланысты – ол жерорта теңізінің маңы, сәйкесінше климаты да басқа. Біздің ауа райымыз қысқы мезгілде суға түсуге қолайсыз. Сондықтан біз дайындықсыз суға түспеу керектігін ескертеміз. Мұз суатында суға түсу – өміріңізді айтарлықтай өзгертетін ырым емес. Адамның өмірі суға шомылудан емес, оның ойы, оның жігерінің арқасында ғана өзгереді. Егер адам суға түсемін деп бел буса, онда ол мас кұйінде емес, жасап жатқан әрекетін түсініп, саналы түрде келуі керек, - деп атап өтті орыс православ шіркеуінің Қасиетті-Введен соборының протоиереиі Ахия Рахымжанов.
Қарағандыда төрт шомылу орындары жабдықталады: Қасиетті Введен шіркеуінде, Орталық сябақтағы көлде және Фёдоров су қоймасында екі мұз суаттары. Олар 19 қаңтарда таңертеңгі 11.00-де дәріптеледі. Құтқарушылар, полиция және жедел жәрдем бригадалары жергілікті орындарда 18-ші қаңтар 23.00-ден бастап 19-шы қаңтар 23.00ге дейін кезекшілік етеді. Шоқыну мерекесінде адамдардың қауіпсіздігін барлығы 26 арнайы көліктермен 110 құтқырушылар қадағалайтын болады.