Қарағандыда өткен Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған республикалық турнирге 600-ге жуық спортшы қатысты

Қарағандыда өткен Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған республикалық турнирге 600-ге жуық спортшы қатысты

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ұшқыш-батыр Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 53-ші республикалық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 592 мықты палуан қатысты. Бұл 335 еркін, 68 қыз және 189 «грек» күрескерлері. Бұл өте беделді және танымал турнир. Біріншілікте бірінші орын алғаны үшін «ҚР спорт шебері», екінші және үшінші орын үшін «Спорт шеберіне кандидат» атағы беріледі.

Осы турнирге келген балуандарының дайындығын біріншіліктің бас төрешісі Александр Мыцык бағалады. 17 жасында спортшы Нүркен Әбдіров атындағы алғашқы турнирдің қатысушысы болған. Содан бері алдымен спортшы, содан кейін жаттықтырушы ретінде өнер көрсетті және 20 жылдан астам уақыт бойы ол жарыстың төрешісі болып келеді. Оның айтуынша, жарыстың танымалдылығы мен беделі жоғары деңгейде қалып отыр.

– Бұл турнир тек облыста ғана емес, республикада да еркін күресті дамыту үшін әрқашан үлкен маңызға ие болды, – дейді Александр Мыцык. – Турнирден бірнеше күн бұрын Қазақстан чемпионаты өтті, көптеген атақты спортшылар сол сайыстан кейін бірден бізге келді. Спорт деңгейі өте жоғары және қатысушылар саны орасан зор.

Қарағандылық спортшылар лайықты өнер көрсетті. Александр Мыцык чемпион атанған 18 жасар Амангелді Еламанды (к/к – 57 кг) және 21 жастағы Дәулетхан Темірбаевты (к/к – 92 кг) ерекше атап өтті. Әйелдер күресінде төрешілерге 16 жастағы спортшы Арина Исмаилова (к/к – 65 кг) ерекше әсер қалдырды. Ол ересек спортшыларды жеңіп, спорт шебері нормасын орындады. 76 келі салмақ дәрежесінде 17 жасар Гүлжаз Айымбетова көзге түсті. Бойжеткен бірінші орынға ие болды.

– Барлық жүлдегерлерді атап өту мүмкін емес. Балалар өте жақсы өнер көрсетті, – деді жарыстың бас төрешісі. – Біз Қарағанды облысындағы еркін күрестің дамуына оптимистік көзқараспен қараймыз. Өңірде ол үшін барлық жағдай бар: жақсы резерв, база, спортшылар, жаттықтырушылар. Олар жоғары нәтижеге қол жеткізе алады.

Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир алғаш рет 1961 жылы өтті. Оның ұйымдастырушылары Қарағанды облысындағы классикалық және еркін күрестің негізін қалаушы ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шәріп Харис және ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Феликс Премильский болып табылады.