Қарағанды облысында 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатын үміткерлер анықталды

Қарағанды облысында 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатын үміткерлер анықталды

2020 Олимпиадаға қатысатын үміткерлер қатарына 11 спорт түрі бойынша 19 қарағандылық спортшылар кірді.
Болжам бойынша Олимпиада ойындарына Данил Мұсабаев (батут гимнастикасы), Абылайхан Жүсіпов (бокс), Ермағамбет Іңкәр (еркін күрес), Ерұлан Ысқақов және Хусейн Муцольгов (грек-рим күресі), Роман Василенко және Сергей Шатовкин (велоспорт), Светлана Германович, Евгения Васильева және Дарья Разумович (академиялық есу), Ислам Бозбаев және Жансая Смағұлов (дзюдо), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Римма Кашафутдинова, Юрий Дергачев және Анатолий Боднар (жеңіл атлетика), Кирилл Шацков (жүзу), апалы-сіңлілі Александра және Екатерина Немич (синхронды жүзу) қатысуы мүмкін.
- Біз алдағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алатын спортшыларды анықтадық. Әрине, басқа да спортшылар қаласа, төртжылдықтың басты сайыстарына қатысу құқық беретін жарыстарға қатыса алады. Қазір біздің спортшылар үшін оңалту шағын-орталықтары қызмет етеді, онда массаж жасаушылар және физиотерапевтер жұмыс істейді, сауна мен бассейн бар. Біздің спорт мектептер жаттығуларға қажетті барлық құралдармен жабдықталған, - деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Дмитрий Карпов.
Еліміздің ең мықты спортшылары биылғы жылы да ҚР V жазғы спартакиаданың нәтижесі бойынша анықталады. Ол 38 спорт түрі бойынша өтеді. Оның ішінде сайыстардың төрт түрі Қарағанды облысының аумағында өткізіледі.