Қарағандыда «Тәуелсіз елім – тірегім» патриоттық әндер жинағы жарық көрді

Қарағандыда «Тәуелсіз елім – тірегім» патриоттық әндер жинағы жарық көрді

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында облыстық халық композиторлар клубының «Тәуелсіз елім – тірегім» балалар мен жасөспірімдерге арналған патриоттық әндер жинағы таныстырылды. Басылым Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Жинаққа Қазақстан, Отан, Сарыарқа, қазақ халқы, мәдениет, тарих, бейбітшілік және достық туралы әндер енді. Барлық әндер балалар мен жасөспірімдерге, шығармашылық ұжымдарға, хорларға, солистерге, вокалдық ансамбльдерге фестивальдарда, конкурстар мен концерттерде өнер көрсетуге арналған.

– Жинақты шығару үшін біз бір жыл жұмыс істедік. Онда фортепиано, домбыра, қобыз сияқты аспаптарға арналған 60-қа жуық үздік әндер мен ноталар жинақталған. Ән жинағына халық композиторлары клубының қазіргі мүшелерінің ғана емес, ардагерлердің де шығармалары енді, – деді Кеншілер мәдениет сарайының басшысы Жарулла Ақышев.