Қарағандыда инклюзивті білімді дамытуға арналған эксклюзивті орталық ашылды

Қарағандыда инклюзивті білімді дамытуға арналған эксклюзивті орталық ашылды

Қарағандыда «Инклюзивті білімді дамыту және қолдау орталығы» атты түзеу-дамыту ресурсы құрылды. Жекеменшік инвестиция есебінен ашылған бұл мекеменің қызметімен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып шықты. Орталыққа түрлі жастағы: нәрестелерден бастап кәмелетке толғанға дейінгі ерекше балалар келе алады. Мамандар психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Балаларды ерте жастан бастап зияткерлік дамыту әдістемесі қолданылады. Штатта психолог, логопед, дефектолог, сурдо- және тифлопедагогтар, сондай-ақ түрлі пән оқытушылары бар. Ойын сабақтары, сенсорлық біріктіруге арналған бөлмелер жабдықталған.
Ай сайын орталық 400-ден астам балаларды қабылдайды деп жоспарлануда. Келешекте мұнда ерекше білім қабілеттіліктері бар балаларды бақылаудан өткізіп және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру көзделіп отыр.
- Бұл өте қажетті және маңызды бағыт. Инклюзивті білімді дамыту біздің басты бағыттардың бірі болып табылады. Жәнеде біз әлеуметтік бизнеске қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде серіктестік орнату жолдарын қарастыруды тапсырды. Орталық Қарағанды қаласы, Н. Әбдіров даңғылы, 43 мекенжайы бойынша орналасқан.