
Осакаров ауданының Трудовое ауылында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру шеңберінде оқу-ндірісітік комбинаты ашылды. Ол «Еңбек-95» ЖШС базасында құрылды. Ауыл оқушылары мұнда бес мамандық бойынша кәсіби білім ала алады.
- Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіби білімді жаңғырту басталды. Бұл еліміз үшін бәсекеге қабілетті және тиімді мамандарды даярлап шығу мақсатында жасалып отырған шаралар, - деп атап өтті аудан әкімі Нүркен Қобжанов комбинаттың ашылу салтанатында.
Оқу-өндірістік комбинат болашақ түлектерге мектеп қабырғасынн бастап кәсіптерін таңдауға септігін тигізеді.
Ол Осакаров ауданының ауылдық мектептерінің 8-11 сыныпта оқитын 106 оқушыларына арналған. Оқушыларға бес бағыт бойынша білім беріледі - механизация, мал өсіру, дәнекерлік іс, жону жұмысы және тағам әзірлеу технологиясы. Дәрістерді «Еңбек-95» ЖШС-нің тәжірибелі тәлімгерлері өткізеді.
- Ауыл шаруашылығында қазіргі таңда техникалық мамандр жетіспеуде. Жыл сайын олардың саны азайып барады, себебі көптеген жұмыскерлер зейнеткерлікке шығып жатыр. Ауыл шаруашылық техникасы да әрдайым жаңғыртылуда. Егер комбинат ауыл шаруашылық мамандарын шығаратын болса, біз қуанар едік. Біз серіктестік орнатып, тәжірибе алуға оқушылар қабылдап, оларды өз техникамызға үйретеміз. Осылайша, ауылға қажетті мамандарды даярлауға өз үлесімізді қосамыз, - деді «Еңбек-95» ЖШС жетекшісі Олег Бесплемянный.
Айта кету керек, «Еңбек-95» ЖШС-де «ақылды технологиялар» кеңінен қолданылуда, дәлірек айтар болсақ, John Deere жоғары технологиялы астық жинаушы комбайндар. Болашақ мамандарды оқыту үшін Трудовое ауылының оқу-өндірістік комбинаты барлық қажеттіліктермен жабдықталған.
Осакаров ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша