Шет ауданында 70 отбасы қоныс тойын тойлады

Шет ауданында 70 отбасы қоныс тойын тойлады

Шет ауданы Ағадыр кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 70 пәтерлік бес қабатты үй қолданысқа берілді.


Президент өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс спасыр арттыру» атты жолдауында мемлекет қолданып жатқан шаралар 5 жыл ішінде 650 мыңнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті. Ағадыр кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйді қалыпқа келтіруге облыстық бюджеттен 231 миллион теңге бөлінді. Осының арқасында жетім балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ бұрыңғы баспанасы апатты деп табылған бес жанұя жаңа пәтерлердің иесі атанды.
Аудан әкімі Марат Жандәулетов қоныстанушыларды құттықтап, жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті.
Айта кету керек, өткен жылы Ақжал және Ақсу-Аюлы кенттерінде де 12 және 4 пәтерлі үйлер қолданысқа берілген. Ағымдағы жылы Шет ауданында тағы бір 12 пәтерлі үй салынады деп жоспарлануда.