
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының №2 жайма илек цехының термиялық бөлімшесінде бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.аталмыш бағдарламаның жалпы құны 1 млн АҚШ долларын құрады.
Жабдықтарды жаңғырту апаттық жағдайлар мүмкіндігін азайтып, өндірістік көрсеткіштерді жақсартуға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда ЖИЦ-2 термиялық бөлімшесінің электрмен жабдықтау және қалпақтық пештер учаскілерін жаңғыртуға қатысты жобалар жүзеге асырылды. Тағыи екі жоба осы айда аяқталады деп жоспарлануда.
- Аталмыш жобаларды енгізудегі мақсатымыз агрегаттардың апаттық тоқтап тұруын азайту және жабдық жұмысының сенімділігін арттыру болып табылады. Жабдық жұмысы тұрақты болған сайын, өндіріс жақсара түседі. Жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы атқарылып жатқанын атап өткім келеді, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ суық илек цехтарының электржабдықтары мен автоматикасына жөндеу жүргізу және қызмет көрсету жөніндегі қызметінің басшысы Марат Саяқпаев.