
Теміртау өлкетану мұражайында интерактивті көрме-ойын әзірленіп жатыр. Ол Самарқанд кентінің 110 жылдығына арналады. Аталмыш кенттің орнында кейінде Теміртау қаласының негізі қаланған.
Көрмеде қала мен кенттің тарихы туралы сыр шертетін түрлі жәдігерлер ұсынылады. Ұйымдастырушылардың ойластыруынша, көрмеге келушілер «өткеннен хат» алады, онда бір құпия жасырылады. Ол жұмбақты шешу үшін квест өту керек.
Айта кету керек, көрмені ұйымдастырушылар ұялы телефонды пайдалануды құптайды: келушілерге іздестіру жүйелерін пайдаланып, сонымен қатар оқиға орнынан тікелей трансляция жүргізуге рұқсат етіледі. Дегенмен, құпияны табу жолында басты шешімдер жәдігерлерің өзінде жасырулы болмақ.
Ойын жалғыз келгендерге де, топтарға да қызықты өтеді.
Көрме-ойынға 22-ші қаңтар 12.00-ден бастап келуге болады. Ересектерге арналған билет құны – 240 теңге, балаларға – 80 теңге. Топтық экскурсияға тапсырыс беру үшін келесі нөмірге хабарласыңыздар: +7 (7213) 93-19-05.