
Жарқын және көңілді түрде қарағандылық спортшылар олимпиада алды жылын бастап кетті. Н. Әбдіров атындағы Спорт сарайындағы бассейнде судағы шоу ұйымдастырылды. Шаралар тек судың ішінде ғана емес, жиекте, тіпті ауада да өтті.
Шоуға жүзден астам жас спортшылар қатысты: суда жүзушілер, ватерполшылар, суға секірушілер, акробаттар мен гимнасттар. Қатысушылар халықаралық сайыстарда жеңіске және жүлделерге ие болған бағдарламаларын көрсетті.
- 2019 жыл біздің спортшылар үшін өте жауапты болып табылады, себебі олимпиадалық сертификаттар алатын кез келді. Олимпиада-2020-ға дейін небәрі бір жыл ғана қалды. Сондықтан біз мереке өткізуді жөн көрдік – спорттың әсемдігі мен күшін көрсеткіміз келді. Осылайша, біз спортшыларымызды қолдап, оларға сенім ұялата аламыз деп санаймыз, - дейді Қарағанды облысының су спорт түрлері бойынша Федерация президенті Наталья Сухорукова.
Спортшылардың көрсеткен өнерінен соң көрермендер назарына су үстіндегі ертегі ұсынылды.
Қарағанды облысы су полосы бойынша ұлттық команда үшін донор болып табылады. Ел құрамасының жартысына жуығы жергілікті мектептің түлектері.
Олимпиадалық лицензия үшін батутта секіру шебері Данил Мұсабаев, суда жүзуші Кирилл Шацков, мәнерлер жүзуші апалы-сіңілілі Екатерина және Александра Немич бақ таластырады. Олимпиада-2020 қатысуға үміткерлер тізіміне 11 спорт түрі бойынша 19 қарағандылықтар кіреді.