Қарағандыда «Тәуелсіздік лентасы» акциясын көптеген ұжымдар қолдады

Қарағандыда «Тәуелсіздік лентасы» акциясын көптеген ұжымдар қолдады

Қарағандыда мерейтойлық датаға арналған «Тәуелсіздік лентасы» акциясы өтуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-колледж-интернатында бастау берілді. Содан кейін эстафетаны басқа мәдени және білім беру ұйымдары қабылдады.

«Тәуелсіздік лентасы» өңір бойынша саяхаттайды. Кездесулер тек облыс орталығында ғана емес, Жаңаарқа ауданының Оспан Әлібай атындағы мектебінде де өтті. Акция «Қазақ жастары» клубының демеушілігімен жалғасуда.

Кездесулерде акция ұйымдастырушылары ұлы қайраткерлер мен олардың тәуелсіздікке қол жеткізудегі сіңірген еңбектері туралы әңгімелейді. Қатысушыларға Тәуелсіздік ленталары таратылады.

Лентада тарихи тұлғалар бейнеленген: Мөде қаған, Керей мен Жәнібек хандары, Абылай хан, Кеңесары хан, Әлихан Бөкейхан. Сондай-ақ тарихи даталар көрініс тапқан. Бұдан басқа, қазіргі шекарадағы Қазақстан Республикасының картасы мен Түрік қағанатының байрағы бейнеленген.

«Алтын адамның символы қазақ тарихының сақ дәуірімен тығыз байланысты екенін білдіреді. Маңызды кезеңдер: 552 жыл – Түркі қағанатының құрылуы; 1465 жыл – Қазақ хандығының құрылуы; 1917 жыл – Алашорда үкіметінің құрылуы; 1991 жыл, еліміз тәуелсіздік алған жыл. Кітап пен күншығыс Қазақстанның болашағын бейнелейді. Лентамен көмкерілген ұлттық ою-өрнек ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтауға шақырады», – деп түсіндірді акцияның бастамашылары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген басқа да тарихи күндерге орайластырылған. Олар: Екінші Шығыс-Түрік қағанатының негізін қалаушылардың бірі Тоныкөктің туғанына 1375 жыл; Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Білге қағанның туғанына 1340 жыл; Абылай ханның 310 жылдығы; Қазақ хандығының қалпына келтірілгеніне 180 жыл; Әлихан Бохейханның 155 жылдығы; Әлімхан Ермектің 130 жылдығы және т. б.

«Тәуелсіздік лентасы» – бұл ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жобалардың бірі.