Абай атындағы кітапханада ашылған кітап көрмесі Қарағанды облысының тарихы жайлы сыр шертеді

Абай атындағы кітапханада ашылған кітап көрмесі Қарағанды облысының тарихы жайлы сыр шертеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» атты кітап көрме-репортажы өтуде.
- Біздің оқырмандар «Рухани жаңғыру» кітаптар сериясымен таныса алады. Мысалы, «Мұражай және тарих» атты жинақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылуы және дамуы туралы айтып береді. «Сарыарқаның тарихи-мәдени мирасы» атты ғылыми каталог оқырмандарды көптеген жылдар бойы Қарағанды облысының аумағынан жиналған мұражайдың ескі құнды жәдігерлерімен, қолөнер туындыларымен таныстырады, - дейді әдістемелік бөлім жетекшісі Сәуле Жүсіпова.
Сондай-ақ көрмеде оқырмандар «Туған жер - тұғырың» деген фотоальбомды тамашалай алады. Онда еліміздің көрнекті жерлерінің суреттері жинақталған: ежелгі киелі ескерткіштерден бастап Астанадағы қазіргі заманғы сәулет құрылыстарына дейін.
Экспозицияда қазақ тілі графикасы мен латын әрпіне ауысу тарихы туралы, Егемен Қазақстан туралы кітаптар ұсынылады.
«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» кітап көрмесі жыл соңына дейін Абай атындағы балалар кітапханасында Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша өтеді.