
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Теміртауда патриоттық автошеру өтті. Шараны қаланың жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараға 15 автокөлік қатысты. Мерекелік автошерудің басты атрибуты Қазақстан туы болды. Көліктер тізбегі Ескі қаладан бастау алды. Металлургтер даңғылымен жүріп өткен жүргізушілер автошеруді «Восток» саябағында аяқтады.

– Біздің акциямызды теміртаулықтар белсенді түрде қолдап, әлеуметтік желідегі үндеуге жауап беріп, қатарымызға қосылды, – деді Жастар орталығының директоры Айдын Жұмагелдинов. – Баршаңызды еліміздің келе жатқан басты мерекесімен құттықтаймын және Қазақстанның өркендеп, гүлденуіне тілектеспін.