Қарағандылық жастарды әскери ЖОО оқуға шақырады

Қарағандылық жастарды әскери ЖОО оқуға шақырады

Республикамызда әскери ЖОО түсуге үміткерлерді іріктеу басталды. Кампания қаңтардан бастап, маусымға дейін өтеді. Әскери болғысы келетін қарағандылықтар тұрғылықты орны бойынша Қорғаныс істер жөніндегі басқармалар және бөлімдерге баруларына болады.
Үміткерлерге деген талаптар ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің дәрежесі туралы» Заңмен, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігімен бекітілген.
Үміткерлердің денсаулығы талапқа сай келуі тиіс. Бұған қоса, комиссия психологиялық әзірлік және дене шынықтыру дайындығын анықтайды.
ҰБТ немесе кешендік тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл 50-ден кем түспеуі тиіс (бес пән бойынша). Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусына түсу үшін білім алғаны туралы құжттың орташа баллы анықталды – 35-тен кем болмауы керек.
Қазақстанда кадеттерді үш оқу ордасы оқытады: Құрлықтағы әскерлер әскери институты (Алматы), Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы), Әуе қорғаныс күші әскери институты (Ақтөбе). Бұл оқу ошақтарының түлектеріне «лейтенант» әскери дәрежесі беріледі.
Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы Щучинск қаласындағы Бурабай курортының аумағында орналасқан. Орта әскери білім беру мекемесі ҚР Қорғаныс Күшінде сержанттық қызметте келісімшартпен жұмыс істейтін кіші командалық құрамды даярлаумен айналысады.
Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша