
Қарағандылықтарды Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистерінің қатысуымен өтетін концертке шақырады. Музыкалық кеш 25 қаңтарда өтеді, басталуы 18.30-да.
«Шалқыма» концерт залының сахнасында әлемдік және қазақстандық композиторлардың вальстары шырқалады.
«Вальстың тамаша әуенін естудемін…» бағдарламасында Штраустың және басқа да композиторлардың туындылары болады.
Бас дирижер - Дүйсен Үкібай. Дирижер – Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Билет құны 800 теңге.