Қарағандыда «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік құралы таныстырылды

Қарағандыда «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік құралы таныстырылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды облыстық сотында «Қазақ тілі» атты үшінші оқу-әдістемелік құрал таныстырылды. Оқулықтар кешені ресми қазақ тілін үйренуге арналған.

Оқу құралын облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов таныстырды.

– Қазақ тілі – ұрпақтан ұрпаққа берілетін халықтың баға жетпес байлығы. Бұл біздің игілігіміз, – деп атап өтті Нұрсерік Шәріпов. – Оқу-әдістемелік кешен ең алдымен құқық қорғау жүйесінің салалық мемлекеттік мекемелерінде және құқықтық мамандықтарға бейін жоғары оқу орындарының студенттеріне білім беру кезінде қазақ тілін оқыту процесін жетілдіру үшін құрылған.

Үш деңгейлі оқу-әдістемелік кешенге тұсаукесер барысында қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылды. Сот оның апробацияға дайын екенін атап өтті.