
Шахтинск қаласының білім беру бөлімі және оқу ұйымдары Қазақстанның тәуелсіздік алуының 30 жылдығы және қаланың 60 жылдығына арналған құттықтау бейнероликтерінің циклін іске қосты. Бейнеқұттықтаулар «Еліме алғыс айтамын» және «30 жылға 30 тілек» жобалары аясында дайындалды.
Патриоттық роликтер Отанға деген сүйіспеншілік және ел Тәуелсіздігінің 30 жылы аралығында қаланың білім беру жүйесінің қалыптасуы туралы баяндайды. Олардың әрқайсысында Шахтинск қаласының оқу орындарының қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінің шығармашылық нөмірлері ұсынылған.
Роликтерді әлеуметтік желілерде және «Шахтинск қ. білім бөлімінің әдістемелік кабинеті» бөлімінің YouTube-арнасында көруге болады.