
3 ақпан 17:00 «Шалқыма» концерт залында Хабиболла Сетековтың авторлық кеші өтеді. Концертке дирижер Перт Грибановтың жетекшілігімен Қарағанды симфония оркестрі қатысады.
Хабиболла Сетеков – композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі. 1958 жылдың 17 маусымында Алматы облысының Шілік ауылында дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыкалық мектептің фортепиано бойынша сыныбының түлегі. Фортепиано және композиция сыныптары бойынша Алматы консерваториясын тәмамдаған.
«Оркестрлер шеруі» атты ашық аспан астындағы фестиваль жобасын құрушы ж»не авторы. ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталған, «Ильхам» сыйлығының және республикалық байқаулардың лауреаты.
Композитор Хабиболла Сетековтың туындылары Израиль, Ресей, Франция, Бельгия, Болгария, Түркия, АҚШ, Канадада орындалған.