Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Сорокинаны 100 жылдығымен құттықтады

Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Сорокинаны 100 жылдығымен құттықтады

Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы медициналық қызмет полковнигі, қарағанды тұрғыны Нина Сорокина өзінің 100 жылдық мерейтойын қалың қауым ортасында қарсы алды. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде өткен мерейтойлық салтанатта ине шаншар жер болмады.
Бұрыңғы әскери дәрігерді қазіргі Отан қорғаушылар құттықтады. ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Нина Сорокина әскерге шақырылатын жастардың денсаулығын нығайту және әскери-патриоттық тәрбиесін жоғарылатуға үлес қосқаны үшін І дәрежелі «Ел қорғаны» медалін иеленді. Қария қазірдің өзінде мектеп оқушыларымен және кадеттерімен кездесуден бас тартпайды, оларға өткен күндері туралы әңгімелерін айтып, өзінің ардагерлік өсиеттерін береді.
Мерейтой иесіне марапатты «Астана» АйҚ әскери қолбасшысының уақытша міндетін атқарушы полковник Қажыбек Омарғалиев табыс етті. Ол «ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚҰ Орталық кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы Армия генералы Мұқтар Алтынбаевтың атынан құттықтау сөздерін жеткізді.
- Сіз қиын, алайда мәнді өмір кештіңіз, ол бірнеше ұрпаққа үлгі болуға тұрарлық. Соғыс заманының қиындықтарын бастан өткерсеңіз де Сіз жүрегіңізде адамдарға және өмірге деген махаббатыңызды сақтап қала алдыңыз, қоғамдық өмірге белсенді қатысасыз, қоғамымыздағы әлеуметтік процесстерден сырт қалмайсыз, - деп атап өтті Қажыбек Омарғалиев.
Нина Николаевна Сорокина 1919 жылы 26 қаңтарда Воронеж облысының Репьев ауданының Россошь ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол Воронеж мединститутындағы оқуын бітірген. Минкомздрав жолдамасы бойынша бойжеткенді Алтай өңіріне ауруханаға санинспектор ретінде жұмысқа жіберген. Тылда еңбек етіп жүріп, военкоматтың тыйым салуына қарамастан майданға баруға талпынған.
Әскерге ол тек төртінші реттен ғана барған. 1942 жылдың 4 мамырында Нина Сорокина 315-шң мотоатқыштар дивизиясының 362-ші атқыштар полкына кіші дәрігер ретінде тіркелген. Жауынгерлік бірінші қадамын ол Сталинградтық Сталинградтық майданда өткен. Дон, Оңтүстік және 4-ші Украиндық майдандарда шайқасқан. Украина, Крымды азат етуге қатысқан.
Әскери дәрігер жараланған жүздеген жауынгерлердің өмірін арашалап қалған. Майдандағы көптеген көріністер әлі күнге дейін оның көз алдында тұрады екен.
- 20 жасар автоматшы жігіт Сашаның қолын жұлып алды. Қолы терісінде ғана салақтап тұрған. Қажітте шешімді сол жерде, жыраның ішінде қабылдау керек болды. Ол маған жасқа толы көзімен қарап: «Мен соғысып болдым ба?» деп сұрады. Оны қолсыз қалған мүгедектігі емес, армиядан шығарып тастағаны көбірек алаңдатты, - деп еске алады Нина Сорокина.
Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін әскери дәрігер Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Бейбіт уақытта жауынгерлік марапаттарға Қызыл Ту Еңбек ордені қосылған. 1950-ші жылы Нина Сорокина Қарағандыға келген. Өзінің еңбек өмірін ол толықтай медицинаға арнаған. 25 жылдан астам уақыт бойы Октябрь аудандық военкоматында әскери-дәрігерлік медициналық комиссияны басқарған.