Заңнамадағы жаңашылдықтар: енді соттың орнында нотариуста қандай даулар шешілетін болады

Заңнамадағы жаңашылдықтар: енді соттың орнында нотариуста қандай даулар шешілетін болады

Қазақстанда соттар, нотариустар, жекеменшік сот орындаушылардың жұмысында үлкен өзгерістер орын алмақ. Қарағандыда бұл өзгерістерге алдын ала дайындалып жатыр. Облыстық сотта барлық қызығушылық танытқан жақтар өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды, онда заңнамадағы жаңашылдықтар туралы сөз қозғалды.
- Мемлекет басшысы 2019 жылдың 21 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Ол 3 ақпаннан бастап күшіне енеді. Заң үлкен, 8 блоктан құралады. 42 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі деп көзделіп отыр, - деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов. – Бізге қазір құқық қолдануға қатысты мәселелер мен түсініксіздіктерді зерттеп, оларды шешу қажет.
Жаңалықтар сот жүктемесін төмендетуге бағытталған. Сот орындаушыларының әрекеттеріне 18 санкциялардың тек екеуі ғана қалады – алып келу және ел шекарасынан шығуға тыйым салу. Борышкерлердің мүлкіне тыйым салуды санкциялау алып тасталды. Банк шоттарына тыйым салуды санкциялау және банк құпиясын құратын ақпаратты талап ету прокуратураға беріледі.
- Тек аталмыш заң нормалары ғана еліміз бойынша соттардағы санкцияларды үш миллионнан 300 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жәнеде осы көрсеткіштердің өздері алып келу негіздерін тарылту және шет елге шығуға шектеу шегін жоғарылатудың арқасында төмендетеді. Жалпы бұл ретте қазіргі ағымдағы сот жүктелімінің 70% туралы сөз қозғалып отыр, - деп атап өтті Нұрсерік Шәріпов.
Сынама таныстырылымды Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина жасады.
Нотариустардың жұмысы айтарлықтай көбейетін болады. Оларға шешімдер жылдамырақ қабылдануы үшін бұйрық өндірісі талаптарының жартысына жуығы беріледі.
Жаңа заңға сай, еңбекақы, коммуналдық және жалдау төлемдер қарыздарына, нотариуспен расталған және жазбаша қолхаттар және тағы да басқаларына қатысты дау-дамайларда да басқаша шешіледі. Даусыз талаптар жағдайында борышкерлермен мәселелерді сотта емес, норатиус конторасында шешу керек болады.
Облысымызда осы секілді бірнеше семинарларды барлық қалалар мен аудандарда өткізу жоспарланып отыр. Облыстық сот төрағасы адамдар заңнамадағы жаңалықтар жайлы тезірек білулері үшін кездесулерді кәсіпорынлар мен ұйымдарда өткізуді ұсынды.