Қарағандыда мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтеді

31 қаңтарда Қарағанды қаласының №5 ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтеді. Азаматтарды 15.00-ден 19.00-ге дейін келесі мекенжай бойынша күтеді: Қарағанды қаласы, 21 шағын ауданы, 6 үй.

Қарағандылықтарға қандай мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болатыны, оларды көрсетудің артықшылықтары мен реті жайлы айтып береді. Сонымен қатар «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы мен «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктерін қалай қолдануға болатыны туралы айтылады.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес беру-әдістемелік көмекті келесі мемлекеттік мекемелердің мамандары көрсететін болады:

1. «Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
2. «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
3. «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ;
4. «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімі;
5. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
6. «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» ММ;
7. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ;
8. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ;
9. Қарағанды облысының Әділет департаменті;
10. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;
11. Қарағанды облысы Октябрь ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы ММ.