Қарағандыда робототехника бойынша қалалық сайыстарға қатысатындар саны 4 есеге артты

Қарағандыда робототехника бойынша қалалық сайыстарға қатысатындар саны 4 есеге артты

Қарағанды облысында робототехника бойынша аймақтық сайыстар басталды. Жыл өткен сайын олардың ауқымы мен деңгейі өсіп келеді. Сайысқа түсу бағдарламасы күрделеніп, бәсекелестік артуда.
Ақтоғай, Нұра, Осакаров ауданы және Теміртауда жас робототехниктер сайысқа түсті. Ақпанның ортасына дейін сайыстар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтеді. Ең үздік командалар 29-30 наурызда Қарағандыда өтетін «ROBOLAND-2019» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың V Халықаралық фестивалінде өнер көрсетеді.
Облыста білім беру робототехникасын дамыту балалардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды. Көптеген қалалар мен аудандарда сайысқа қатысушылар саны бірнеше есе артты.
- «RoboKRG» робототехника бойынша қалалық сайысты біз 4-ші рет өткізіп отырмыз. Биылғы жылы 57 оқу ұйымдарынан 178 команда қатысып отыр – 370 оқушылар. Төрт жылда қатысушылар саны 4 есе артты, - дейді Қарағанды қаласының Білім бөлімінің жалпы және орта білім секторының меңгерушісі Наталья Головина. – Бүгінгі таңда конструкторлық жинақтар қаланың барлық мектептерінде бар, ал 33 мектеп робототехника зертханаларымен жабдықталған. Робототехника жуырда ғана дами бастағанына қарамастан, біздің балалар қазірдің өзінде халықаралық байқауларда сәтті өнер көрсетуде.
Биылғы жылы қала мектептерінде 13 ІТ-сыныптар ашылды. Балалар және жасөспірімдер сарайында технопарк пайда болды. Осының барлығы техникалық шығармашылықтың шекарасын кеңейтуде.
Қатысушылар саны артқандықтан Қарағандыдағы сайыс бағдарламасын екі күнге бөліп тастады. Сайыстар 13 санат бойынша өткізіледі. Алғаш рет 6 жасқа дейінгі кішкентай робот сүйерлер де өзара бақтарын сынайды.
Теміртауда да қалалық сайыс 4-ші мәрте өткзілуде. Егер бастапқыда небәрі 4 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы – олардың саны 18-ге жетті.