Қарағанды облысының оқушыларына гидропоника әдісімен өсімдіктер өсіруді үйретеді

Қарағанды облысының оқушыларына гидропоника әдісімен өсімдіктер өсіруді үйретеді

Қарағанды облысының оқушыларына арнайы құрылғыларда өсімдіктерді қалай өсіруге болатынын үйретеді. Өңірімізде «Жасыл өсімдіктерді гидропоника және аэропоника әдісімен өсіру» жобасы басталды.
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында биология және информатика пәндерінің мұғалімдері үшін оқыту семинары өтті. Шара білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған. Ұстаздарға жоба туралы, мақсаттар мен оқу әдістемелері туралы айтылды. «ZERTIS» компаниясының бірлескен құрылтайшылары, «Гидропоника оқушылар үшін» кабинетін құрушылар жобаның жүзеге асырылу алгоритмін түсіндіріп берді.
- Гидропоника кабинеті бізде қыркүйекте ашылды, - «Мұрагер» ММИ директоры Нұрғазы Өтебаев. – Біздің оқушылар осы технология мен құрылғыларды қолдана отырып, құлпынай, бидай, райхан, жалбыз, бұршақтар өсіреді. Бұған қоса, олар кәсіпкерлік негіздеріне үйренеді. Мысалы, райхан шөбінің бір келісі 8000 теңге тұрады, оны өсіре алса, сатып болған соң әрі қарай жұмыс жүргізуге тұқымдар сатып ала алады.
Гидропоника кабинеті өсіруші жабдықтары және суда өсімдік өсіруге арналған құрылғылары бар арнайы парталармен жабдықталған.
Биология пәнінің мұғалімі Мадияр Әбділдаровтың айтуынша, гидропоникада ең бастысы сумен қамту.
- “Гидропоника” атауы грек тілінде “гидро” – су және “пòнос”- жұмыс сөздерінен құралады. Барлық «жұмысты» су атқарады. Сондықтан мұнда өсімдіктерді өсіруге қандай суды қолданатынымыз маңызды, - дейді ол.
11 сынып оқушысы Әділхан Назымболашақта өзінің жылыжайын салуды армандайды.
- Мен гидропоникамен шұғылданамын. Маған өсімдіктер туралы ғылым бұрыннан қызықты болған. Мұнда мен бидай өсырып шығардым. Гидропониканың артықшылығы біз процессті толықтай өзіміз қадағалайтынымызда. Егер өсімдік далада өссе, топырақтағы құнарлы заттардың концентрациясы қандай екенін нақты білеміз. Онда құнарлы заттардың мөлшері тым көп немесе аз болса, өсімдіктер солып қалады. Ал мұнда біз барлығын қадағалап отырамыз. Өсімдік жақсы өсуі үшін суға қанша құнарлы заттар салу керектігін есептейміз. Осында алған білімім маған болашақта көмектеседі деп сенемін. Мен өзімнің жеке жылыжайларым болса екен деп армандаймын. Ол жерде гидропоника әдісін қолданамын, - дейді Әзілхан Назым.
Гидропоника кабинеттерінде өсіру процесстерін қадағалайтын датчиктер бар. Оларды компьютерге немесе смартфонға қосып, процессті қашықтықтан қадағалауға болады.
- Біздің кез келген жобаларымыз аймағымыздың қандай да бір әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған, - деп атап өтті директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Лариса Антощук. – Мысалы, осы ретте біз қаланы көгалдандыру бойынша жобаларды ұсына аламыз. Осылайша, балалар аталмыш пән бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өз шешімдерін де ұсына алады. Бұл болашақта дамуы мүмкін бизнес идеялар болып табылады.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының мектептерінде осы секілді 8 гидропоника кабинеттері жабдықталған. Қосымша түрде тағы 10 кабинеттерге жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр.