Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына алдын ала дайындалып жатыр

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына алдын ала дайындалып жатыр

Қарағанды облысында қардың деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалының және ТЖ жөніндегі Департамент қызметкерлері Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бойымен Қарқаралы, Шет және Бұқар жырау аудандарын аралап шықты.
ТЖД таратқан ақпаратқа сай Қарағанды облысы бойынша Калинина, Матақ, Бесоба, Қызылтау, Қамқор, Ақөре, Керней, Шешенқара, Аққұдық, Тоғызқұдық, Қушоқы, сондай-ақ «Жосалы» санаториі мен «Өгізтау» қыстағының маңында қардың қалыңдығын өлшеу жұмыстары жүргізілді.
- Аралау жұмыстары 12 бақылау нүктелері бойынша өткізілді. Ол үшін ТЖ жөніндегі Департаменттің «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігі пайдаланылды. Маршруттың жалпы ұзындығы 1350 шақырымды құрады. Өлшеу жұмыстары қардағы судың деңгейі қазір шекті бірліктен төмен екенін көрсетті, - дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.