Облыс орталығында «Қарағанды балалар көзімен» атты көрме ашылды

Облыс орталығында «Қарағанды балалар көзімен» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қаламыздың 85 жылдығына арналған «Калейдоскоп. Қарағанды балалар көзімен» атты көрмесі ашылды.

Бұл режиссер және фотосуретші Дәулет Абдрахмановтың көрмелік жобасы. Автордың айтуынша, экспозиция кеншілер астанасының тұрғындары мен қонақтарын ерекше көрсетілімімен және авторлық қиялымен тартады.
- Экспозиция хронологиялық принцип бойынша құрастырылған және Қарағанды тарихының негізгі кезеңдерін көрсетеді. Мұнда 3-тен 15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жұмыстары ұсынылған. Көрме бірнеше тақырыптарға бөлінген: «30-шы жылдардағы Қарағанды», «Қарағанды – кеншілер астанасы», «Қарағанды және Карлаг», «Индустриалды және мәдени Қарағанды» және «Қазіргі заманғы Қарағанды». Көрермендердің кейбіріне бұл Қарағанды тарихын білуде жаңа мағлұматтар болуы мүмікн. Ал кейбірі жастық шағын еске алуы әбден мүмкін, - дейді автор Дәулет Абдрахманов.
Экспозицияның негізі өз бойына Қарағандының белгілі бір кезеңіндегі түрлі нышан заттарды, плакаттар, фотосуреттер, ашықхаттар, төс белгілері, құжаттарын сыйғызған уақыттың шағын калейдоскопы ретінде келтірілген стендтері болып табылады. Көрменің барлық тақырыптары түрлі инсталляциялар мен фотосуреттер сабақтастығында бірыңғай калейдоскопты құрайды, ол қаланың қайталанбас бейнесін автордың көзқарасы арқылы көрсетуде.
- Біз екі панно дайындадық, - дейді 9 жасар Альбина. – Оның біріншісі «қарағанды және Карлаг». Мұнда біз қуғын-сүргінге түскен адамдардың фотосуреттері мен өмірбаянын ортаға салдық. Екіншісі – ол «Қарағанды – кеншілер астанасы». Бұл панно үшін біз фотографпен бірге қаланы аралап, барлық қарағандылықтар үшін белгілі жерлер мен ескерткіштерді суретке түсірдік. Көрмеге дайындық барысында біз өз қаламыз туралы көптеген жаңа мәліметтерді білдік.
«Калейдоскоп. Қарағанды балалар көзімен» атты көрмесі 12 ақпанға дейін жалғасады.