Өлкетану мұражайында карате бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы «Сэнсэй жолы» көрмесі ашылды

Өлкетану мұражайында карате бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы «Сэнсэй жолы» көрмесі ашылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Сэнсэй жолы» көрмесі ашылды. Шараның ашылуына карате және қол жекпе-жегі бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы, Дайдо Джуку Кудо Федерациясының президенті, халықаралық санаттағы төреші Валерий Калининді еске алу кеші орайластырылды.

Көрмеде мұражайға келуші қауым сэнсэйдің фотосуреттерін, жеке заттарын, кубоктары мен марапаттарын көре алады. Сонымен қатар оның өмірбаяны, спорттық және бапкерлік жетістіктері туралы біле алады.
Валерий Калининді еске алу кешіне оның туған-туыстары, шәкірттері мен ниеттес достары жиналды. Олар жастарға рухани және дене шынықтыру тәрбиесінің пайдасы туралы айтып берді. Сонымен қатар көрермендер В.В. Калинин атындағы спорт клубы тәрбиеленушілерінің көрсетілімдерін тамашалады.
Валерий Васильевич Калинин Қазақстан Республикасының карате және қол жекпе-жегі бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы, еркін күрес бойынша СШК, , Дайдо Джуку Кудо Федерациясының президенті, халықаралық санаттағы төреші болған. Оның ондаған шәкірттері карате-до бойынша әлем чемпионаттарында Қазақстанның намысын қорғауда.
«Сэнсэй жолы» көрмесі Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 4 ақпанға дейін жалғасады. Мұражай мекенжайы: Ерубаев көшесі, 38.