Қарағандылық құтқарушылар биіктіктегі өрттерді сөндіруге арналған жаңа арнайы техникаға ие болды

Қарағандылық құтқарушылар биіктіктегі өрттерді сөндіруге арналған жаңа арнайы техникаға ие болды

Қарағанды облысында ТЖД техникалық паркі толықты. Жаңа өнімдердің арасында 25 қабат және одан жоғары биіктіктегі өрттерді сөндіруге арналған екі автоцистерна бар.

Облыстық бюджет қаражатына сатып алынған арнайы техниканың кілттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында табыс етілді.

Жаңа мүмкіндіктер туралы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов айтып берді.

Жаңа мүмкіндіктер туралы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов айтып берді.

– Облыс орталығында үлкен тұрғын үй құрылысы жүріп жатқанын білесіздер. Биік үйлер салынуда. Біз ТЖ болған жағдайда көмекке келуге дайындығымызды арттырдық. Елімізде баламалары жоқ екі өрт автоцистернасы сатып алынды. Бұл жоғары қысымды сорғы қондырғысымен жабдықталған тәжірибелік әдіс. Суды 100–150 метр биіктікке, яғни 25 қабат және одан жоғары деңгейге беруге болады, – деп түсіндірді ведомство басшысы. – Біз облыс әкімдігіне техникалық жабдықтауда тұрақты көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, құтқарушылар заманауи жанармай құюшы мен газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігін алды.

Су құтқарушыларды жабдықтау да жақсарады. Мұрат Қатпанов үлкен толқынмен жүре алатын 9 метрлік катер Балқашқа берілетінін хабарлады.

– Техникалық жарақтану деңгейін арттыру біздің өңірдің қауіпсіздігін нығайту ісінде өте маңызды қадам болып табылады. Оқиғаларды жою, адам өмірін құтқару кезінде сіздердің мүмкіндіктеріңіз артады деп үміттенеміз, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин машиналардың кілтін табыстай отырып.

Облыс әкімінің орынбасары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. Ерекше көзге түскен ТЖД қызметкерлеріне марапаттар берілді.