Қарағандылық ракетка шеберлері әлем чемпионатына жолдама алу үшін бақ таластырады

Қарағандылық ракетка шеберлері әлем чемпионатына жолдама алу үшін бақ таластырады

Астанада Назарбаев Университетінде 30 қаңтарда Қазақстан Руспубликасының V спартакиадасы шеңберінде үстел теннисі бойынша турнир басталды. Ракетканың кіл мықты шеберлері әлем чемпионатына жолдама алу үшін елордада жиналып, сайысқа түсті.
Спартакиада төрт жылда бір рет өтеді. Аталмыш турнир әр өңір үшін жауапты шара болып табылады. Сайыстың бастапқы нәтижелері бойынша ірі халықаралық сайыстарға, оның ішінде 2020 жылы өтетін Олимпиада Ойындарына дайындалатын ұлттық құрамалар жинақталады.
Үстел теннисі бойынша турнирде спортшылар бір апта бойы командалық, жеке, жұптық және аралас есепте бақ таластырады.
- Бұл турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері сәуірде Будапештте өтетін әлем чемпионатына үміткер атанады. Спартакиада жазғы, алайда ол маңызды сайысқа іріктеу жүргізу үшін теннисшілерді қыста жинады, - деп түсіндірді үстел теннисі бойынша ҚР және Қарағанды облысының бас жаттықтырушысы Эльмира Алиева, - Біздің облысты сегіз спортшы таныстырады – төрт ер адам және сонша әйел. Көшбасшылар қатарына ілігуге тырысатын боламыз.
V жазғы республикалық Спартакиада 38 спорт түрі бойынша өтеді. Олардың төртеуі Қарағанды және Теміртауда ұйымдастырылады. Ол - триатлон, гандбол, академиялық еспе, карате-кекушенкай-кан. Облысымыздың 300-ге жуық спортшылары 33 спорт түрі бойынша өнер көрсетеді.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша