Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

10 ақпанда «Шалқыма» концерт залында Қарағанды симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
Музыкалық шараға Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры, халықаралық байқаулардың лауреаты Наталия Трулль (фортепиано) қатысады.
Концерт бағдарламасында Л. Ван Бетховеннің оркестрмен ойналатын фортепианоға арналған №№ 1, 2, 3 концерттері орындалады.
Дирижер - Бүкілресейлік байқау лауреаты Петр Грибанов.
Наталия Владимировна Трулль — ресей пианиношысы және педагог, РФ еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты. Ресейдің атаулы оркестрлерінің барлығымен дерлік бірлесіп өнер көрсеткен, сондай-ақ көпшілікке танымал ұжымдармен: Лондон симфониялық, Лос-Анджелес филармониялық оркестрімен, «Тонхалле-оркестр» (Цюрих, Швейцария), Монте-Карло, Сантьяго, Чили және т.б. симфониялық оркестрлермен.
Өнерпазбен Г. Рождественский, В. Cинайский, Ю. Темирканов, И. Шпиллер, В. Федосеев, А. Лазарев, Ю. Симонов, А. Кац, Э. Клас, А. Дмитриев, Р. Леппард секілді танымал дирижерлер жұмыс істеген. Наталия Трулльдің концерттік қойылымдары «Гаво» (Париж), «Тонхалле» (Цюрих) және Германияның, Францияның, Португалияның, АҚШ, Ұлыбританияның, Жапонияның, Чилидің көптеген залдарында ұйымдастырылып, қалың қауымның көңілінен шыққан.
Концерттің басталуы 17.00. Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы білуге болады: 41-22-36, 41-22-30.