Қарағандыда оқушылар арасында өткен «Ұшқыр ой алаңы» атты облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды. Енді үздік спикерлер облысымыздың намысын республикалық байқауда қорғайтын болады.
93 гимназияда қазақ және орыс тілдерінде өткен дебаттарға 114 оқушы қатысты. Олар 38 командаларға біріккен.
Қатысушылар ұйымдастырушылардың дайындаған тақырыптарының арасынан белгілі біреуін таңдап, пікір таластырды. Барлығы 7 тақырып әзірленген: «Жастар өздері тұратын жердің тарихын білуі керек», «Қолынан іс келетіндер – жасайды, келмейтіндер – ақыл айтады», «Баға қою оқушыларды бағалаудың тиімді жолы», «Прогресс шегініске әкеледі», «Жасөспірімдердің қылмыскер болуына кім кінәлі: балалар немесе ересектер?», «Болашақ мамандық туралы мектеп табалдырығынан бастап ойлау керек», «Балаларға ерте табыс табуды үйрету, олардың болашағы үшін маңызды».
- Пікірсайысқа арналған тақырыптар алдын ала Білім және ғылым министрлігімен анықталды. Облыстық турнирдің ақтық сайысында ең ұйымшыл және белсенді командалар жеңіске жетті. Олар өздерінің пікірлерін білдіргенде нақты деректерге сүйенді, - дейді «Сарыарқа дарыны» АҒТО зертхана меңгерушісі, пікірсайыстардың үйлестірушісі Мейрамгүл Жәкешова.
Оқушылар арасында өткен пікірсайыс турнирлері, ұйымдастырушылардың пікірінше, қатысушылардың білім деңгейін жоғарылатып, ой-өрісін кеңейтеді. Олардың шешендік өнер және сыни ойлау икемдерін, сонымен қатар жауапкершілік, азаматтық ұстаным, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға көмектеседі.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:
Қазақ лигасы: I орын «ЖАЛЫН» командасы (Теміртау қ.), ІІ орын «АЛАШ» командасы (Приозерск қ.), ІІІ орын «АЛИХАН МҰРАГЕРЛЕРІ» командасы (Балқаш қ.). Үздік спикер Қарағанды қаласы, команда «БОЛАШАҚ ЖАСТАРЫ» № 2 Білім инновация лицейінің оқушысы Сатыбалдиева Аида атанды.
Орыс лигасы: І орын «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының «SOVETS» командасы, ІІ орын Шахтинск қаласының «НИКА» командасы, ІІІ орын Қарағанды қаласының «ДУМАН» командасы.
Жеңімпаздар және үздік спикерлер дипломдармен, кубокпен, медальдармен және сыйлық сертификаттармен, ал мұғалімдер оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Пікірсайыс туринирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары «Ұшқыр ой алаңы» сайысының республикалық кезеңіне қатысады. Ол 24-25 ақпанда Алматы қаласында өтеді.
Пікірсайыс жалпыұлттық «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» білім беру –мәдени жобасы аясында өткізілуде. Турнирдің мақсаты: оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс қозғалысын дамыту және қолдау.