Әкімдердің есептік кездесулері: Ауыл тұрғындарын қандай мәселелер алаңдатады

Әкімдердің есептік кездесулері: Ауыл тұрғындарын қандай мәселелер алаңдатады

 

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында ауыл және кент әкімдерінің есептік кездесулері аяқталды. 8 ақпанда халық алдында аудан әкімі Шағурашид Мамалинов есеп береді. Ол өткен жылдың қорытындысын келтіріп, 2019 жылғы жоспарлар туралы бөліседі.
Есептік кездесулер тұрғындарды алаңдататын мәселелер мен сұрақтарды анықтап, оларды шешу жолдарын іздестіруге септігін тигізеді.
Бұқар Жырау ауданында әкімдерге көбінесе медициналық қызмет көрсету, жолдардың жөнделуі, елді мекендердің абаттандырылуы, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсарту, ветеринарлық қызметтердің жұмысы туралы сұрақтар қойылды. Аудандық билік айтылған ескертулер мен ұсыныстардың бірде бірі елеусіз қалмайтынына сендірді.
2015 жылы көктемгі су тасқынын бастан кешкен Ғ. Мұстафин кентінің тұрғындарын қазіргі таңда қандай алдын алу шаралары қолданылып жатқаны қызықтырды. Жергілікті қоғамдық белсенді топ өкілдерінің пікірінше, кентке жақынырақ көшірілген құм шығаратын зауыт қауіп төндіруі әбден мүмкін. Аудан әкімі бұл мәселе бойынша бірден тапсырма берді.
Баймырза ауылының зейнеткерлерін газ құбырының құрылысы кезінде оларға да «көгілдір отын» жеткізіле ме деген сұрақ алаңдатты. Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда жоба келісілу барысында, соңыра қандай елді мекендерде газ тарату құрылғылары орнатылатыны туралы белгілі болады.
Ботақара кентінің тұрғындары су бекетін нығайту керектігі туралы айтты, сонымен қатар спорттық корт пен жаңа балабақша салуды сұрады. Алайда оларды қызықтырған ең басты мәселе – сапалы сумен қамту. Билік өкілдері ауыл тұрғындарын жақсы жаңалықпен қуантты: биылғы жылы су құбырлары жаңартылады.
Қушоқы кентінде кездесуге келгендер көшедегі жарық шамдарына қатысты сұрақ қойды. Бұл мәселені шешу үшін кент әкімдігіне қаражат бөлінген – 4,3 млн теңге қаражат жаңа шамдарды орнатуға жұмсалады.
Бұқар Жырау ауданының әкімі Шағурашид Мамалиновтың есептік кездесуі 8 ақпан 10.00 Мәдениет үйі ғимаратында өтеді (Ботақора к., Қазыбек би көшесі, 52).
Ұсыныстар, ескертулер және өтініштерді жинау үшін «Жедел желі» ашылды. Телефон нөмірлері: 8(721-54)2-10-30, +77027154849, +77012937654. Хаттарды сонымен қатар http://www.bukhar-zhirau.kz сайтына немесе ауыл, кент және ауылдық округтері әкімдіктерінің ғимараттарында орнатылған жәшіктерге салуға болады.

www.bukhar-zhirau.kz сайтының ақпараты бойынша