Қарағанды облысының командасы «Зерде» республикалық байқауында 18 медаль иеленді

Қарағанды облысының командасы «Зерде» республикалық байқауында 18 медаль иеленді

Қарағанды облысының командасы «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар республикалық байқауында 18 медаль жеңіп алды. Байқауға республиканың түпкір-түпкірінен жиналған 400 астам оқушылар қатысты.

Байқау екі түрлі жас санаттары арасында өтті: кіші топ – 1- 4 сыныптар, үлкен топ - 5-7 сыныптар. Қарағанды облысының командасы құрамында 18 адам болды. Біздің оқушылар 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медальдарды ұтып алды.
Қатысушылар өздерінің зерттеулік жобаларын 8 секция бойынша қорғады. Ол қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; математика, информатика; физика, техника; медицина, психология; тарих, өлкетану, этномәдениеттану; химия, биология; Экология, валеология.
«Зерде» жобалар байқауы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒТО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.