«АрселорМиттал» Теміртаудағы экологияны жақсарту бойынша қосымша шаралар қолданады

«АрселорМиттал» Теміртаудағы экологияны жақсарту бойынша қосымша шаралар қолданады

Осы жылдың ақпанында «АрселорМиттал» Теміртаудағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыс жоспарын ұсынады. Ол жайлы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді.
- Экология түйіткілді мәселе болып табылады, қазіргі таңда біз оны шешудеміз. Елбасының тапсырмасы бойынша мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калонмен кездестім. Ол алдағы уақытта компания қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету бойынша қосымша шаралар қарастыратынын жеткізді, , - деді аймақ басшысы.
«АрселорМиттал Теміртау» домна пеші үшін 4 электр сүзгіштерін салуды, бес шахталық пештерді және газ цехінің күкірт тазарту жүйесін жаңғырта отырып, шаң тазарту құрылғыларын қайта қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр. Өткен жылы бұл сандар 207 425 тоннаны құраған. Аталмыш көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 14 266 тоннаға кем.
2018-ші жылы компания жаңғырту жұмыстарына тоғыз миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Жалпы 2018-ші жылдан 2020-шы жылға дейін кәсіпорын экологиялық жабдықтарды сатып алуға және іс жүзіндегі құрылғыларды қалыпқа келтіруге 35 миллиард теңгеден астам қаржы бөледі.