Қарағанды облысында 44 мыңнан астам студенттер жоғары білім алып жатыр

Қарағанды облысында 44 мыңнан астам студенттер жоғары білім алып жатыр

Биылғы оқу жылында Қарағанды облысында 44,5 мың адам жоғары білім алып жатыр, деп мәлімдеді Статистика департаменті. Ол өткен жылмен салыстырғанда 4,5% көбірек.

Өңірде жоғарғы оқу орны бар, оның 5-і мемлекеттік болып табылды.
Мемлекеттік білім беру гранттар есебінен білім алып жатқандар 14,4 мың адам, ақылы негізде – 30,1 мың адам. Білім алып жатқандар арасында ерлерге (48,4%) қарағанда, әйелдер (51,6%) көбірек.
Жалпы студенттер санының 64%-ы күндізгі оқу нысанында білім алып жатқандар, сырттай – 34,5%, кешкі – 1,5%.
Мемлекеттік тілде оқып жатқан студенттер 53,6%, орыс тілінде – 43,8%, ағылшын тілінде – 2,6%.
Жоғарғы білім беру саласында оқытушы қызметін 3187 тұрақты және 585 біріктіру бойынша оқытушылар жүзеге асырады. Философия докторлары (PhD) және профиль бойынша докторлар ғылыми дәрежесі жалпы профессорлық-оқытушылық құрамынан 5,7% қызметкерлерде бар, 7,8%-ында ғылым докторлары, 34,3%-ында – ғылым кандидаты, 5,5%-ында – профессор ғылыми атағы, 17,4%-ында – доцент атағы бар. Академиялық магистр дәрежесі бар оқытушылар саны 1180 адамды құрады.
Қарағанды облыстық Статистика департаментінің мәліметтері бойынша