Ақпан айының басынан қарағандылық көшелерден 10 мың текше метр қар шығарылды

Ақпан айының басынан қарағандылық көшелерден 10 мың текше метр қар шығарылды

Төрт күн ішінде облыс орталығының көшелерінен 9 914,6 текше мерт қар шығарылды. Көшедегі жолдар тәулік бойы тазартылуда.
Қалалық жолдардағы қарды «Тазалык Эксперт» жинайды. Оның қол астында 230 бірлік техника мен 210 адам жұмыс істейді.
Қала көшелеріндегі қар белгілі-бір ретпен тазартылады: бірінші кезекте техниканы қаланың аудандарын өзара байланыстыратын және республикалық трассаларға шығатын жолдарға бағыттайды. Екінші кезекте – қоғамдық көлік жүретін жолдар. Сонан соң орам аралық жолдардан басқа барлық жолдар тазартылады.
Қалың қар жауған кезде қосымша, жалдамалы техника жұмылдырылады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ақпанда Қарағанды облысында -42 градусқа дейін аяздар мен бұрқасын болады деп күтілуде.