
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Қарағанды облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1,879 млрд теңгені құраған 173 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 101 өтінішке оң жауап қайтарылып, 91 несие берілген.
Бағдарламаға қатысушылар жекеменшік құрылыс компаниялары салып жатқан қазіргі заманғы тұрғын үйлерде тұратын болады. Барлығы облысымызда бұл жүйе бойынша 12,5 мың пәтер сату жоспарланып отыр.
Облыстық бюджеттен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаттарына бір миллиард теңге бөлінген. Оларды республикалық деңгейде сәйкесінше ережелер қабылданған соң бере бастайды.
Тұрғын үй сертификаты алғашқы жарнаны бір миллион теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Ол тек бюджеттік сала – денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ғана қарастырылған.
Тұрғын үй сертификатын тек бір рет қана алуға болады. Бір миллион теңгені арнайы банк шотына аударады. Ақшаны шоттан шешіп алып, баспана сатып алудан басқа қажеттіліктерге жұмсауға болмайды.
Арнайы тұрғын үй комиссиясы баспанаға мұқтаж отбасылардың тізімдерін құрайды. Сонан соң құжаттар ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкіне жібеліріп, несие алушының төлем қабілеттілігі тексеріледі.
Сонан соң тізімдер Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберіледі, онда тұрғын үй сертификаттары бойынша қаражат бөлінеді. Бір миллион теңге есепшотқа түскен соң несие алушыға сәйкесінше баспана іздеуге және банкпен келісімшарт ортануға үш ай уақыт беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Ол 2018 жылдың шілдесінде басталды. Жүйе жаңадан салынған тұрғын үйден 25 жыл мерзімге 20% алғашқы жарнамен 7% жылдық мөлшерлеремен пәтер алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны тек баспанасы жоқтар ғана пайдалана алады.