Қарағандының жас робототехниктері Австралияда өтетін чемпионатқа баруды жоспарлап отыр

Қарағандының жас робототехниктері Австралияда өтетін чемпионатқа баруды жоспарлап отыр

Қарағанды облысында білім беру робототехникасы алға қадам басуда. Әлемдік деңгейдегі сайыстарда бәсекелесуге дайын мықты командалар пайда болды.
Өткен жылдың желтоқсанында қазақстандықтар алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағының «RoboCup» халықаралық сайысында өнер көрсеткен болатын. Дубайда өткен турнирде Қазақстан атынан Қарағанды қаласының «STEAM RoboClub» командасы өнер көрсеткен. Қарағандылықтар ел намысын қорғап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Командада №38 гиназияның үш оқушысы: Даниил Пинигин, Данил Муллеров және Евгений Лукьянов, сонымен қатар «RoboClub» робототехника клубының тәрбиеленушісі, № 101 мектеп-лицейінің оқушысы Станислав Бонет бар. Оқушыларды ұстаздары Евгений Карнаков пен Елена Вафина жаттықтырады.
Жүлдегерлер өздерінің жеңіс құпиясымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.
- Робототехникамен мен үш жыл бұрын қызыға бастадым. Біздің команданың барлық мүшелері бір мезгілде шұғылдана бастады. Біз бұл қозғалыстың алғашқылары болып табыламыз. Тәжірибе жинадық, қарапайым қадамдардан біртіндеп күрделі құрылымдарға жылжып отырдық. Осы уақыт аралығында робототехника кабинетінің жабдықталуы да жақсарды, - деп атап өтті 9 сынып оқушысы Даниил Пинигин.
Дубайға жолды екі ресейлік қалада: Калининград және Томскіде өткен халықаралық сайыстардағы жеңістер ашты. Капитанның айтуынша, олар осындай ірі сайысқа қатысатындарына соңына дейін сене алмаған. Команданы бірнеше компаниялар қолдаған, ал бас демеуші Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры болды.
- Әрине, бізге үшінші орынды иелену үшін барынша тырысу керек болды. Бәсекелестік мықты болды. Командалар көп болды – Қытай, Оғтүстік Корея, Сингапур, БАӘ, Ресей және тағы да басқа елдерден келді. Бірінші орын иелену үшін бізге небәрі 3 пайыз ғана жетпей қалды. Біз 77% жинадық, ал Екатеринбіргтен келген жеңімпаздар 80% жинады, - дейді капитан.
Қазіргі таңда команда Қарағандыда 29-30 наурызда өтетін Roboland-2019 халықаралық фестиваліне дайындалып жатыр. Сайысқа қатысу үшін оқушылар «ақылды қала» саласындағы өз роботын құрастырады.
- Біздің барғымыз келіп отырған келесі ауқымды сайыс – ол Австралияда, Сидней қаласында өтетін чемпионат. Ол биыл өтеді, нақты уақыты сәл кешірек белгілі болады. ол жарысқа түсу үшін Ресейдің, сонымен қатар Қазақстанның бірнеше қалаларында іріктеу кезеңдерден өту керек болады. біз өз алдымызға осындай мақсат қойып отырмыз. Ең бастысы – жігерлік пен ынта, - деп бөлісті жоспарларымен Даниил Пинигин.