Астанада шайбалы хоккей бойынша ІІІ қысқы Жастар ойынының қорытындысы белгілі болды. Қарағанды облысының құрамасы Астана және Шығыс-Қазақстан облысы командаларына есе жіберіп, үшінші орынды иеленді.
Матчтар елордалық «Барыс» спорт кешенінің мұз айдынында өтті. Біріншілікке 2004-2005 жылғы жасөспірімдер қатысты. Турнирдің көшбасшылары бірдей дерлік ұпайлар жинады. Жүлдегерлерді анықтау барысында барлық хоккейлік ерекшеліктер ескерілді – соғылған және жіберіп алған шайбалар, айып уақыты және т.б.
- Біз, әрине, жігіттерімізді жеңіске жігерлендірдік. Дегенмен, мұндай бәсекелестікте көшбасшылар үштігіне ілігудің өзі күрделі болатынын түсіндік, - дейді Шайбалы хоккей бойынша Қарағанды балалар-жәсөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің жетекшісі Сергей Бунякин. – Алайда ұлдарымыз жарады! Соңын дейін беріспеді, нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Барлық ұлдар – біздің мектептің тәрбиеленушілері. Тамаша ұрпақ өсіп келеді.
Хоккей жанкүйерлерін қарағандылық «Юность-2» командасы да қуантты. Ол 2009 жылы туылған Б тобындағы балалар-жасөспірімдер командалары арасында өткен республикалық чемпионаттың үшінші кезеңінде көш бастады.
Республикалық біріншіліктің үш кезеңінің қорытындысы бойынша қарағандылық жас хоккейшілер үшінші орынды иеленіп отыр. Алда тағы бір кезең күтіп тұр, жәнеде нәтижені жақсартуға мүмкіндік бар.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының таратқан ақпараты бойынша