
2021 жылдың басынан бастап Қарағанды облысында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша скринингтерге медициналық сақтандыру қорынан 384,9 млн теңге бағытталды. Сүт безі қатерлі ісігіне тексерілген 16 мың әйелдің 164-інде онкология расталды.
— Бізде томосинтез функциясы бар маммографиялық аппарат бар. Онда біз мақсатты және контрастты маммографияны, дуктографияны жүргіземіз. Сондай-ақ, оның «стереотактикалық биопсия» функциясы бар, оның көмегімен өте кішкентай ісіктер зерттеледі. Ал, томосинтез, оның барысында құрылғы миллиметрге қабатты бөлімдер жасайды. Бір зерттеу үшін — 60 тілім. Бұл зерттеу ісіктердің нақты көрінісін береді, — деді «Олимп» маммологиялық орталығының бас дәрігері Бекболат Тоқжұманов.
Жыл басынан бері маммологиялық орталықта 16 мың зерттеу жүргізілді. Тереңдетілген диагноз қою нәтижесінде скринингтен өткен облыстың 164 тұрғынында сүт безі қатерлі ісігі расталды. Көпшілігінде ауру 1—2 сатыда, төрт әйелде 3—4 мм өлшемді ісіктер анықталды, яғни нөлдік сатыда.
— Егер тексеру барысында патология расталса, біз биопсия жүргіземіз. Гистологиялық зерттеулер қазірдің өзінде онкологиялық орталықта жүргізілуде. Емделушінің барлық тексерулері МӘМС аясында тегін өтеді, — деп атап өтті Бекболат Тоқжұманов.
2 жылда бір рет жүйелі скринингтен 40 пен 70 жас аралығындағы топтағы барлық әйелдер өтуі тиіс. Алайда дәрігерлер жылына бір рет, әсіресе егер науқаста сүт безі қатерлі ісігінің тұқым қуалайтын бейімділігі болса немесе жарақат алса маммограммадан өтуді ұсынады.
Сондай-ақ, өздеріңізді тексеру керек екенін ұмытпауыңыз керек. Сүт бездерінде түйіндердің пайда болуы бұл да бір белгі болып табылады.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша